Шетелге шығушылар үшін тиімді ұсыныс - ауру немесе жазатайым оқиға жағдайларын кеңінен қамту. Сақтандыру бүкіл әлем бойынша әрекет етеді!

Туристті ерікті сақтандыру
Сақтандыру бағдарламысында келесі негізгі қызметтер қамтылған:
- кенеттен ауырған жағдайда немесе жазатайым оқиға нәтижесінде талап етілетін медициналық көмектің барлық түрлері;
- жедел тіс ауруы жағдайында стоматологиялық көмек;
- медициналық эвакуация;
- репатриация;
- багаждың жоғалу қатерін сақтандыру.

Сақтандыру сомасы 10 000€, 30 000 € және 50 000 € құрайды.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу саяхат күндерінің санына және сапар аймағына байланысты тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Топтық және отбасылық жеңілдіктер қарастырылған.
Барлық сақтандырылушыларға сақтандыру сертификаттары (визаларды ресімдеу кезінде, сондай-ақ медициналық көмекке жүгінген кезде елшіліктерге немесе консулдықтарға ұсыну үшін) және Қазақстанда және шетелде тәулік бойы жұмыс істейтін CALL-орталықтардың телефондарымен медициналық көмек алу үшін не істеу керектігі туралы жадынама беріледі.
